Елордада "бомба қойылған" нысандар тексеріліп жатыр

969

"102" арнасына "My car", "Lexus" автосалондары және "Хан Шатыр", "Mega Silk Way" сауда үйлерінің әкімшілігі хабарласып, шұғыл келуді өтінген.

Елордада "бомба қойылған" нысандар тексеріліп жатыр

"Сауда нысандарының электрон поштасына белгілі бір электрон пошталардан "жарылғыш құрылғылар қойылды" деген хат келіп түскен", – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен. 

Қазіргі уақытта қаланың шұғыл қызметтері нысандарды тексеріп жатыр. 

Құзырлы мекеме жарылғыш құрылғылардың қойылғаны туралы көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделетінін ескертеді. Азаматтарды өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу