Елордада бүгін вакцина алғандар арасындағы кезекті ұтыс ойынының қорытындысы шығады

754

Жалпы елордада екпе алғандар арасында бағалы сыйлықтар апта сайын ойнатылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Елордада бүгін вакцина алғандар арасындағы кезекті ұтыс ойынының қорытындысы шығады

Қала әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың алтыншы ұтыс ойыны 14 тамызда (сенбі) сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді. Алтыншы ұтыс ойынына 7 тамыз бен 13 тамыз аралығында (қоса алғанда) екпе алғандар қатысады.

Қала әкімдігі демеушілер есебінен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын апта сайын өткізеді. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі, арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ.

"Елорда әкімдігі вакцина алғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды жүлделердің ұтыс ойынын апта сайын өткізіп тұратынын еске саламыз. Мысалы, 9 шілдеден бастап екпе алғандар арасында iPhone 12 телефонының 13 данасы, төрт тоңазытқыш, үш теледидар, екі планшет, үш микротолқынды пеш, бес принтер, екі бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, Алиса ақылды колонкасы және ауа ылғалдандырғыш ойнатылды. Апта сайынғы ұтыс ойынынан бөлек, биыл қыркүйек айында вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады. Оны осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары ұтып ала алады", делінген хабарламада.

Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелердегі, СОО/СҮ-дегі. Сондай-ақ "MEGA Silk Way" СОО-ның вакцинация пунктінде екпенің бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу