Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

76

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді Фото: gov.kz

Астанада 31 қаңтар мен 1 ақпан күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жәрмеңкеде Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары жаңа піскен көкөністер мен жемістер, ет, ұн және сүт өнімдері, тәтті нан өнімдері, табиғи шырындар, варенье, джемдер және басқа да тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Іс-шара 31 қаңтар мен 1 ақпан күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін "Keryen Joly" сауда орталығында (Шоссе Алаш, 35Б) өтеді.

Жәрмеңкенің қасынан 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобустары жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу