Елордада еріген қар суы үйлердің жертөлесіне жайылып кетті (Видое)

940

Тұрғындар бұған жұмысын сапасыз істеген мердігер компанияларды кіналайды.  

Елордада еріген қар суы үйлердің жертөлесіне жайылып кетті (Видое)

Елордадағы тұрғын үй кешенінің жертөлесін су алып кетті. Нәтижесінде тұрғындар жерасты паркингінде тұрған көліктерін құтқаруға мәжбүр болған, – деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

Еріген қар суы Есілдің сол жағалауындағы үйлердің жерасты паркингіне жайылған. Бұл туралы алдымен Bilip Qal youtube арнасы мен белсенді Тәңірберген Бердоңғар instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлаған болатын.

Бейнеден судың қабырғаны тесіп, атқылап жатқанын көруге болады. Ал кадр сыртындағы ер адам жертөлеге су жайылғанын айтып, тұрғындарға паркингтегі көліктерді алып кетуін ескертуде. Сондай-ақ, тұрғындар бұған жұмысын сапасыз істеген мердігер компанияларды кіналайды.

Оқыс оқиға Бөкейхан көшесі, 2, 6, 8 үйлерінде болған.  "Астана су арнасы" МКК мәлімдеуінше бұған көрші кешендердің біріндегі кәріз жүйесіндегі саңылау себеп болған. Құрылыстағы ақау нәтижесінде қар суы бірнеше үйдің жертөлесіне жайылып, тұрғындарды әбігерге салды.

"Қазіргі уақытта "Астана су арнасы" МКК бригадасы жертөледен еріген суды вакуумдық техниканың көмегімен сорып алды. Кейін паркингті гидрооқшаулау бойынша жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ, су басу кезінде тұтынушылар сумен жабдықтаудан ажыратылмағанын атап өткен жөн", – деп жазылған мекеменің ресми мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, хабарламада еріген қар суы мәселесін түпкілікті шешу үшін Тұран даңғылынан Қорғалжын тас жолына дейін Д-1600 мм коллектор салу жоспарда бар екені айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу