Елордада Еуразиялық KAZENERGY форумы басталды

620

Іс-шара үш күнге жалғасады.   

Елордада Еуразиялық KAZENERGY форумы басталды Фото: kazenergyforum

Астанада Еуразиялық KAZENERGY форумы басталды, деп жазады inbusiness.kz.

Форум ұйымдастырушыларының мәліметінше, Еуразиялық KAZENERGY форумы дүниежүзілік энергетикалық нарықтың ірі ойыншылары арасында диалог құруға және өңірдің экономикалық энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

“Алдыңғы жылдары Форум алаңында өнеркәсіптің мұнай-газ, электр энергетикасы, атом саласын дамыту мәселелері талқыланып, жаһандық сын-қатерлер белгіленді, қаржы дағдарыстары және дағдарыстан кейінгі кезеңде саланы дамыту мәселелері талқыланды, стратегиялық альянсты құру мәселелері, ауыспалы кезеңде энергетикалық тұрақты даму сценарийлері қаралды. Форум тақырыбы сол уақыттағы нарық жағдайына сай таңдап алынды және сол кезеңде аса маңызды әрі өзекті болды”, - делінген хабарламада.

Еуразиялық KAZENERGY форумы мұнай-газ және энергетика нарығында болып жатқан қазіргі жаһандық трансформацияларды бейнелейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу