Елордада JOLTAP әлеуметтік жобасы бастау алды

541

Жобаның мақсаты – халықтың табысының өсуі үшін мүмкіндіктерді таңдауға көмек көрсету. 

Елордада JOLTAP әлеуметтік жобасы бастау алды Фото: Астана қаласының әкімдігі

JOLTAP жобасы – бұл Астана тұрғындары үшін табысын арттыруға және тұрақты табыс табуға ұмтылатын мүмкіндіктердің кешенді әлеуметтік бағдарламасы, деп жазады inbusiness.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Жоба Мемлекет басшысының белсенді және привентивті әлеуметтік саясат қажеттігін атап өткен тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып жатыр. Жалпы жоба құралдары қазіргі әлеуметтік реформаларға тиімді қосымша болып саналады.

Адам көп жиналатын орындарға "Баршаға мүмкіндік" модульді пункттерін орналастыру арқылы, жоба мұқтаж азаматтардың табысын арттыру және өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін мемлекеттік және қосымша қолдау шараларын міндетті түрде ұсынады.

"JOLTAP" жобасының барлық сұрақтары бойынша күн сайын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін +7 (707) 221 31 31 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу