Елордада "Қайыршы" жедел алдын-алу іс-шарасы жүргізілуде

1102

 Жедел алдын-алу іс –шарасы аясында 300 астам азамат әкімшілік құқық бұзғаны анықталды 

Елордада "Қайыршы" жедел алдын-алу іс-шарасы жүргізілуде

Биылғы жылдың қараша айының 9-ы  мен 16-шы жұлдызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қайыршылық фактілерінің жолын кесу және олардың құқықтарының бұзылуы, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз және панасыз қалуына жол бермеу мақсатында елорда аумағында республикалық "Қайыршы" жедел алдын-алу іс-шарасын жүргізуде, деп хабарлайды елорда Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Іс-шараның 3 күндік қорытындысы бойынша тәртіп сақшыларымен 300-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде, 80-ге жуығы қоғамдық орындарда тиісу бойынша, қайыршылықпен айналысқан кәмелет жасына толмаған 12 жеткіншек анықталды, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 15 кәмелет жасына толмаған жасөспірім орналастырылды, сонымен қатар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін 8 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын сақтамағаны үшін 3 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды.

Жыл басынан ҚР Әкімшілік кодекстің 449-бабының талаптарын бұзғаны үшін 4 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу