Елордада коронавирустан қанша жүкті әйел көз жұмды

1095

2021 жылғы шілде-тамызда аяғы ауыр әйелдердің басым бөлігі ауруханаға жатқызылған – 1 247 дерек.

Елордада коронавирустан қанша жүкті әйел көз жұмды

Биыл 9 айда Нұр-Сұлтанда СOVID-19 вирусынан 2 жүкті әйел көз жұмған. Бұл туралы Астана медицина университеті "Акушерлік және гинекология" кафедрасының меңгерушісі, акушер-гинеколог Зайтуна Хамидуллина айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Зерттеу барысында 2021 жылғы мамыр-тамызда елорда ауруханаларына коронавирус жұқтырған 1 541 жүкті әйел түскен. Оның ішінде 320 әйелде ауру симптомсыз өткен, ал 1 221 науқаста коронавирустың белгілері байқалған. Температураның көтерілуі, жөтел, ентігу, диарея, тамақтың ауруы, қалтырау және миалгия.

Зайтуна Хамидуллинаның айтуынша, биыл ана өлімінің тіркелуі науқастардың дәрігерлерге кеш келуімен байланысты.

"Олар ауруханаға уақытында келмеген және өздері емделген. Биыл 9 айда 3 жүкті әйел қайтыс болды. Оның ішінде 2 әйел коронавирус жұқтырған, ал үшіншісінде онкологиялық ауру болған", – деді Астана медицина университеті "Акушерлік және гинекология" кафедрасының меңгерушісі елордада өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда.

Ол науқастардың 20%-да денесінде бөртпе пайда болғанын, басы ауырғанын, тамаққа тәбеті болмағанын және әлсіз болғанын атап өтті.

Ғылыми конференцияда дәрігерлер елордадағы 1 190 әйелдің өкпесін тексергенін, 357 әйелде өкпесінің екі жағы, 618 әйелде бір жағы қабынғанын айтты.

"215 жүкті әйелдің өкпесі қабынбағаны анықталды. Коронавируспен жеңіл және сиптомсыз түрде ауырған жүкті әйелдер мен босануға уақыты жақындаған әйелдер амбулаториялық деңгейде бақылауда болды. Биыл шілде-тамызда жүкті әйелдердің басым бөлігі ауруханаға түсті – 1 247 дерек. Дәрігерлер мұны қаладағы індеттің өршуімен байланыстырады", – деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласы акушер-гинекологтар федерациясы таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу