Елордада карантин мерзімі ұзартылып, бірқатар нысанның жұмыс уақыты өзгерді

1013

Азық-түлік дүкендері 21-00-ге дейін ашық болады.  

Елордада карантин мерзімі ұзартылып, бірқатар нысанның жұмыс уақыты өзгерді

Елордада карантин 2 тамызға дейін ұзартылды. Қатаң шектеу шараларына байланысты бірқатар нысанның жұмыс уақыты өзгеріске ұшырады, деп хабарлайды Atameken Business. 

Демалыс күні даладағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейін өтеді. Бір қызығы, бұған дейін кешкі 8-де есіктерін тарс жабатын азық-түлік маркеттері енді 9-ға дейін ашық болады. Тұрғын үйлердегі дүкендердің де жұмыс уақыты ұзартылып отыр. Сондай-ақ кешкі 5-тен кейін көлік жуа алмай қиналып жүрген астаналықтарға қосымша 3 сағат берілді. Бұдан былай автожуу қызметі 20.00-де тоқтайды. Ал екінші деңгейдегі банктер, ақша айырбастау пунктері, ломбардтар, букмекерлік кеңселер өз клиенттерін тек жұмыс күндері қабылдайды. Мұндағылардың уақыты таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейін деп белгіленген. Ал жазғы алаңы бар кафе-ресторандарда тұрғындар 22.00-ге дейін тамақтана алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу