Елордада карантин үшінші мәрте күшейтіледі

700

Өткен тәулікте елордада коронавирусты жұқтырудың 800-ден астам жағдайы тіркелді. 

Елордада карантин үшінші мәрте күшейтіледі

Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауы себепті карантин тағы да күшейтіледі. Карантиндік талаптардың сақталуын анықтайтын мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіліп, тәулік бойғы режимге ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Егер мейрамханаларда/кафелерде және басқа да мекемелерде іс-шаралар өткізілсе, ол нысанның жұмысы тоқтатылатын болады.

Сонымен қатар, 4 шілдеден бастап "Ashyq" жобасы бойынша жұмыс істейтін тамақтану орындарының (мейрамханалар, кафелер) уақыты 02:00-ден 22:00-ге дейін (жабық жерлерде), ал сыртта, яғни есік алдында жұмыс істейтін тамақтану орындарының уақыты 02:00-ден 00:00-ге дейін қысқарады.

Сондай-ақ, жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Бұл күні автобустар дезинфекцияланады.

"Ashyq" жобасын қолданбайтын фитнес-орталықтардың (йога орталықтары, т.б.) жұмысы аптаның барлық күнінде де тоқтатылады. Ал Ashyq жобасы бойынша істейтін фитнес-орталықтар (йога орталықтары, т.б.) дүйсенбі-жұма күндері жұмыс істесе, демалыс күндері тоқтатылады.

Қалада қатаң карантиндік шараларды енгізбес үшін ұжымдық иммунитетті дамыту қажет. Ал ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы тиіс. Қазір қалада вакцинаның бірінші компонентін 229 мыңнан астам адам алды. Медицина қызметкерлерінің 90%-дан астамы, ал коммуналдық қызметкерлердің 70%-дан астамы коронавирусқа қарсы егілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2 шілдеден бастап қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың елорда күніне арналған бұқаралық іс-шараларға тыйым салу туралы қаулысы күшіне енеді.  
Сондай-ақ саябақ аумағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрінің жұмысына тыйым салынады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу