Елордада карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді

651

Қаладағы ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жұмыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс жасауына рұқсат етілді.

Елордада карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша елорданың Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулыға сәйкес, елордададағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты, карантин шаралары жеңілдетілді.

Қаладағы ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жұмыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс жасауына рұқсат етілді. Алайда демалыс және мереке күндердегі жұмысқа тыйым салу талабы өзгеріссіз қалды.

Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына да өзгерістер енгізілді. Қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамхана, дәмхана, бар, асхана), оның ішінде СОСО-да орналасқан орындардың (жеке ғимарат) демалыс және мереке күндері сағат 9:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Бірақ бұл жерлерде той, адам көп жиналатын шаралар өткізуге тыйым өзгермеген.

18 қыркүйекте жарияланған құжатқа сәйкес, қаладағы "Ailand" отбасылық демалыс орталығына, "Джунгли" және Океанариума, "Хан Шатырдағы" жағажай клубтарының санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

Ендігі кезде қоғамдық көліктер жұмыс және демалыс күндері сағат 6:00-дан 23:00-ке дейін жүре бастайды.

Құжаттың толық мәтінін мына сілтеме арқылы өтіп көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу