Астанада қателік жасаған ер адамды көлік қағып кетті

Көп ұзамай оқиғаның видеосы да жарияланды. 

Астанада қателік жасаған ер адамды көлік қағып кетті Фото: бейнежазбадан

Жолаушы Астанадағы Министрліктер үйі маңында рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен тұрғын жедел ауруханаға жеткізілген.

– Достық көшесінде жаяу жүргіншінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Nissan маркалы көлікті басқарған жүргізуші рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Зардап шегуші қажетті медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Оқыс оқиғаның видеосын Полиция департаменті жариялады. Бейнежазбадан жолаушының жолға шұғыл шығып кеткенін байқауға болады. Жауапты орган қазіргі уақытта іске байланысты тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ал Астана Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оқиға орнына жедел жәрдем көлігі жөнелтілгенін хабарлады. Медицина қызметкерлері оқиға орнында шұғыл барып, зардап шеккен тұрғынға көмек көрсеткен. Оның жағдайы әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу