Елордада кезекте тұрған 300-ден астам отбасы пәтер кілтін алды

639

Нұр-Сұлтанда халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 300-ден астам отбасы пәтер кілттерін алды.   

Елордада кезекте тұрған 300-ден астам отбасы пәтер кілтін алды

Олардың арасында жетім балалар, 1 және 2 топ мүгедектері, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер, толық емес отбасылар, ҰОС ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілгендер және т.б. бар.

Елордада Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе ұлғайтылды. Қазірдің өзінде 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер үлестірілді, олардың бір бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кезегінде тұрғандар. Іс қағаздарын жүргізу және пәтер алған азаматтарды кезектен шығару бойынша жұмыстың соңғы кезеңі жүргізілуде.

"Жаңа жыл қарсаңында қалалықтардың тағы бір бөлігі жаңа қоныс иелері атанды. Жаңа жылды жылдар бойы күткен пәтерлеріңізде қарсы аласыздар. Үйдің орналасқан жері өте ыңғайлы, өзен жағасында. Жақын жерде кең аулалар, мектеп және балабақшалар бар. Үйлеріңіз тек қуанышты оқиғаларға толы болсын!", - деді әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов кілтті салтанатты тапсыру кезінде.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша биыл бірқатар тұрғын үй бағдарламаларына өзгерістер енгізілді, мысалы, Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған тұрғын үй бағдарламасына сәйкес, білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінен басқа өрт сөндірушілер, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері, полиция қызметкерлері де әлеуметтік пәтер алушылар тізіміне енгізілді. Сонымен қатар тұрғындардың әлеуметтік жағынан осал топтарының барлық санаттары тұрғын үй сертификатын алушылар тізіміне енгізілді. 2021 жылдан тұрғын үй сертификаттарының көлемін 1 миллионнан 1,5 миллион теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.

"Жылдап күткен жаңа пәтерлеріне көшіп жатқан әр отбасына қуаныштымыз. Ел басшылығы баспана мәселесіне ерекше назар аударады. 2021 жылдың басында біз тұрғындардың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандарға пәтер кілттерін табыстаймыз.

2021 жылы біз қазіргі рекордтық қарқынды ұстап қана қоймай, қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтамыз. Мен сондай-ақ қиын жыл болғанымен жұмысын жалғастырған құрылысшыларымызға алғыс айтамын", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу