Елордада конкурдан ашық біріншілік өтіп жатыр

551

Жарыстың жалпы жүлде қоры 7 миллион теңгеге жуық.  

Елордада конкурдан ашық біріншілік өтіп жатыр Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Республика күні қарсаңында ат спортының конкур түрінен 50-ге жуық шабандоз бақ сынап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Жарысқа Астана, Қарағанды, Алматы қаларынан келген шабандоздар жылқыға мініп, биіктіктегі кедергілерді еңсеру арқылы бақтарын сынап жатыр.

Астана іргесіндегі "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында  "Арғымақ" ат - сауықтыру спорт кешенінің ашылуына және Республика күніне арналған ат спортының конкур түрінен бірінші күнгі жарыс бастау алды. Алғашқы күні ашық біріншіліктің іріктеу сынына 50-ге жуық сәйгүлік қатысуда. Олимпиадалық тәртіпте шабандоздар үш түрлі санатта бақтарын сынайды: - "Ашық сынып санаты", "Жас жылқылар санаты гандикап" және "Балалар санаты", - деді ат спортының олимпиадалық түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасенов.

Біріншілікке 12 жастан 15 жасқа дейінгі балалар ал, екінші мен үшінші санаттар бойынша 16 жастан асқан шабандоздар қатысады. Ал, ертең финал ойындары болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу