Елордада күніне 6 мыңға жуық адам коронавирус вакцинасын салдырып жатыр

1182

Бүгін де Нұр-Сұлтан қаласында І компонент 348 113 адамға салынған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Елордада күніне 6 мыңға жуық адам коронавирус вакцинасын салдырып жатыр

"Республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, осы жылдың 15 тамызынан бастап 1 қыркүйегіне дейін жұмыс берушілер жұмысшыларын коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентімен иммундауы керек. Бұл ретте тұрақты медициналық қарсы көрсетімі бар адамдарға бұл талап қойылмайтынын атап өткім келеді. Тағы еске саламыз: бүгінгі күні коронавирустан қорғанудың бірден бір амалы – вакциналау. Тек уақтылы алынған екпе сырқаттан аман болуға кепілдік береді", - деді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің фейсбук парақшасы арқылы өткен баспасөз мәслихатында.

Жалпы Нұр-Сұлтан қазіргі таңда 5-6 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алып жатқан көрінеді. Осы жылдың 4 тамызындағы жағдай бойынша елде І компонентпен 348 113 адам егілген. ІІ компонент 261 309 адамға салынған. 

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу