Елордада курорттық емделуге электрондық форматта жазылу ұсынылды

616

Қазіргі уақытта 1 483 адам санаторлық-курорттық емделуге жазылды.

Елордада курорттық емделуге электрондық форматта жазылу ұсынылды

2 наурыздан бастап мүгедектер, мүгедек балалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғалар санаттары бойынша санаторлық-курорттық емделуге тіркелу басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Таңертең азаматтарды қабылдау басталған кезде келушілер легі көбейді, ал сағат 10:30 шамасында адамдар үлесі біртіндеп саябырлайды. Жұмыс әдеттегідей жүргізіледі. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің 45 қызметкері адамдарды тіркеумен айналысады. Сондай-ақ sankur.astana.kz сайтын арқылы курорттық емделуге тіркелуге болады. Ол үшін тұрғындарға ЭЦҚ қажет", - деді Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Илья Скуб.

Қазіргі уақытта 1 483 адам санаторлық-курорттық емделуге жазылды. Оның ішінде 825 зейнеткер, 435 мүгедек ересек адамдар, 191 мүгедек бала, 32 ардагер бар.

Қала әкімдігі курорттық емделуге электрондық форматта жазылуды ұсынады. Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭСҚ) арқылы sankur.astana.kz сайтында тіркелу қажет. Аталмыш шара адамға кезектен тыс жылдам тіркелуге мүмкіндік беріп, жазба жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кетсек, елордада жасы мен еңбек өтілі бойынша 95 мың зейнеткер тұрады. Ал мүмкіндігі шектеулі адамдар үлесі – 27 мың, оның ішінде 5 970 адам ерекше қажеттіліктері бар балалар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу