Астанада құрылыс алаңында мұнара краны құлады

1079

Салдарынан 1 адам зардап шекті. 

Астанада құрылыс алаңында мұнара краны құлады Фото: www.inform.kz

Астанада салынып жатқан жаңа "Capital Park" тұрғын үй кешенінің алаңында мұнара краны құлап, бір адам зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Оқиға 9 мамыр күні таңертең болған.

Комитеттің мәліметінше, Есіл ауданындағы 38-көшенің бойындағы салынып жатқан үйлердің арасында мұнара краны құлаған.

"Мұнара кранын орнату кезінде ол опырылып, құрылымы автокран кабинасына құлады. Салдарынан бірнеше жарақат алған 1999 жылы туған краншы ауруханаға жатқызылды. Зардап шегушінің жағдайы орташа ауыр", - делінген хабарламада.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ақпаратына сәйкес, мұнара кранын монтаждау кезінде монтаждау технологиясының өрескел бұзушылығы орын алған.

"Секцияаралық бекіту бұрандалары, кран басының бекітпелері және кранның мұнара бөлімдері болмаған", - деді ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу