Елордада мәдени шаралар онлайн-режимде өтеді

809

Карантин кезінде қазақстандықтар концерт, сұхбат, спектакль және шеберлік сыныптарын үйден шықпай-ақ тамашалай алады. 

Елордада мәдени шаралар онлайн-режимде өтеді

Сондай-ақ челлендждер мен флешмобтарға қатысуға болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының филармониясы Instagram желісінде онлайн концерттер өткізеді. "NS-music" жобасы аясында Рүстем Жүгінісов, Дос, Argonya, Майра Ілиясованың концерттері өтті. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп, "Карантиндегі жұлдыздар" жобасын бастады. Жоба аясында "Астана Операның" жетекші солисті Майра Мұхамедқызының концерті өтті. Ал 9 сәуір күні сағат 21.00-де Mezzo тобы көрермендерін қуантады. Көрсетілімдерді "Қазақтелеком" ютуб-арнасында, @mcs_govrk және @bizbirgemiz Instagram парақшаларында, сондай-ақ onlinedabol фейсбук парақшасында тамашалауға болады.

Сондай-ақ, Tengrinews.kz ақпараттық порталы "Квартирник" жобасын іске қосты. Порталдың youtube арнасында 8 сәуір күні сағат 20.00-де Алиса Вокс, 10 сәуір күні сағат 20.00-де Евгений Феклистов, ал 11 сәуір күні сағат 18.00-де Ayree өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, карантин кезінде "Астана Опера" және "Астана Балет" солисттерінің өнерін тамашалауға болады. Спектакльдер TengrinewsTV арқылы көрсетіледі. Күнделікті шығармашылық кештер @teatrkukolnursultan және @nomad_teatry Instagram парақшаларында өтеді.

Күн сайын сағат 19.00-де @ns_madeniet және @askhatmaemirov Instagram парақшаларында "Онлайн-сұхбат" жобасы аясында астананың зиялы қауым өкілдері тікелей эфирге шығады. Көрермендер өз сауалдарын жолдап, жауап ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу