Елордада Мәңгілік Ел даңғылындағы учаскеде жөндеу жұмыстары басталды

682

Осыған байланысты биыл 15-20 тамыз аралығында Керей-Жәнібек хандар көшесінен Бұқар жырау көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.

Елордада Мәңгілік Ел даңғылындағы учаскеде жөндеу жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан қаласында Мәңгілік Ел даңғылындағы учаске жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Мәңгілік Ел даңғылында жол төсемі (асфальттың екінші қабат төсемі) бойынша жұмыстар басталғанын мәлім етті.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу