Елордада микронесиелік ұйымға шабуыл жасалды

542

Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

Елордада микронесиелік ұйымға шабуыл жасалды

Елордада тапа тал түсте микронесиелік ұйымға шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Сағат 17:45-те Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына микронесиелік ұйымға шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицияға жүгінген бойжеткеннің айтуынша, оған белгісіз ер адам тап берген. Пышақпен қорқытып, ашық түрде ақшаны жымқырып кетпек болған. Оқиға орнына "Байқоңыр" аудандық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шұғыл шығып, бір тәуліктің ішінде күдіктіні ұстады", – деп мәлім етті қалалық Полиция департаментінен.

Ұсталған 1992 жылғы күдіктінің тұрақты жұмысы болмағаны хабарланып отыр. Бұрын-соңды қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

"Тергеу амалдары кезінде ұсталған азамат қылмысын мойындады. Онымен бірге полицейлер қылмысты дәлелдейтін айғақ заттарды тәркіледі. Қазіргі уақытта күдікті қаладағы уақытша оқшаулағышта отыр", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу