Елордада өтетін сенбілікте 5 мыңға жуық ағаш отырғызылады

2006

Акцияға 2600 адам үлес қосып, олардың көмегімен қалада 4 667 жасыл желек отырғызылады. 

Елордада өтетін сенбілікте 5 мыңға жуық ағаш отырғызылады

Экологиялық айлық аясында 12 қазанда Нұр-Сұлтанда Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне арналған республикалық ағаш отырғызу акциясы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаппай ағаш отырғызу акциясына Парламент депутаттары, Президент әкімшілігінің, Экология, геологяи және табиғи ресурстар министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, аудан әкімдіктері, "Нұр Отан" партиясы мен басқармалардың қызметкерлері және экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысады. Акцияға 2600 адам үлес қосып, олардың көмегімен қалада 4 667 жасыл желек отырғызылады. Акция ұйымдастырушыларының айтуынша, компенсациялық отырғызу шеңберінде 505 тал ағаш егіледі.

Атап айтқанда, Алматы ауданында - 427 түп ағаш, Байқоңыр ауданында 1 170 түп, Есіл ауданында 1 465 түп және Сарыарқа ауданында 100 түп ағаш пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу