Елордада өзінің 3 банктік шотын пайдалануға берген тұрғынға айыппұл салынды

169

Үкім заңды күшіне енді.

Елордада өзінің 3 банктік шотын пайдалануға берген тұрғынға айыппұл салынды Фото: БҚО ПД

Елорда тұрғыны бұрын таныс адамға 43 705 теңге көлемінде ақшалай сыйақыға, өзінің 3 банктік шотын заңсыз түрде берген. Кейіннен аталған шоттар алаяқтық нәтижесінде жәбірленушіден жымқырылған 195 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты шығару үшін пайдаланылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дроппер – бұл ақшалай сыйақы немесе өзге де мүдделілік үшін үшінші тұлғаларға қаржылық операцияларды жүзеге асыру мақсатында өзінің банктік шоттарын не жеке деректерін ұсынатын тұлға.

Сотта дроппер қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 80 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалады.

2025 жылдың қыркүйегінде банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру және алу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру үшін жаңа қылмыс құрамы енгізілген, аталған құқық бұзушылық үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Прокуратура азаматтарды сақ болуға, "жеңіл табыс" туралы күмәнді ұсыныстарға келіспеуге және өздерінің банктік шоттары мен жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу