banner

Елордада "Парыз" конкурсының жеңімпаздары марапатталды

881

ЭКСПО конгресс-орталығында өткен іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.  

Елордада "Парыз" конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Елордада жыл сайынғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Жоғарыда аталған "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын", "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын", "Үздік ұжымдық шарт" және "Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін" 4 номинациядан тұратын конкурсты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2008 жылдан бері өткізіп келеді. Әр номинация үшін ірі, кіші және орта кәсіпкерлік субъектілері санаттары бойынша үш номинация беріледі.

Гран-при жүлдесін Нұр-Сұлтан қ. "Евразийская группа" ЖШС-і иеленді.

"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Қызылорда облысының "Абзал и К" ТЖ, Қарағанды облысынан "Утария" ЖШС-і және Ақтөбе қаласынан "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС-і жеңімпаз атанды. Орта және шағын бизнес субъектілері арасында: СҚО-нан "Ильинское" ЖШС-і, Ақмола облысынан "Темірлан" ЖШС-і және Павлодардан "Павлодар политехникалық жоғары колледжі" ЖШС-і үздік деп танылды.

"Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын" номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Алматы қ. С.М. Киров атындағы "Машина жасау зауыты" АҚ, Маңғыстау облысындағы" Каз М-I" және Шығыс Қазақстан облысынан "Силикат" ЖШС-тері жеңімпаз атанды. Орта және шағын бизнес субъектілері арасында: Маңғыстау облысындағы "Мұнайгазқұрылыс", Қарағанды облысындағы "АльбаСтройДор" және Атырау облысындағы "Сапа Строй Сервис и К" ЖШС-тері бар.

"Үздік ұжымдық шарт" номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында: БҚО-дан "Ақсай Газ Сервис" АҚ, Қостанай облысынан "Қостанай минералдары" АҚ және Нұр-Сұлтан қаласынан "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ лауреат атанды. Орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің арасында: Ақмола облысынан "ПОИСК "Агрофирма" ЖШС, Қостанай облысынан "Қарқын "Агрофирма" ЖШС және Қызылорда облысынан "Жаңақорған шипажайы" АҚ жеңімпаз болды.

"Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін" номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Қызылорда облысынан "Байкен-U" ЖШС, Шығыс Қазақстан облысынан "Өскемен ГЭС" ЖШС және Алматы облысынан "Филип Морис Қазақстан" ЖШС жеңімпаз атанды. Орта және шағын бизнес субъектілері арасында Батыс Қазақстан облысынан "Орал сауда-өндірістік компаниясы" ЖШС, Жамбыл облысынан "Амангелді газ" ЖШС және Солтүстік Қазақстан облысынан "Изолит" ЖШС жеңімпаз болды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу