Елордада 63 мың бала Pfizer препаратын ала алады

701

Елордалық мектептер мен медициналық ұйымдарда тұрғындардың белгілі бір контингентін Pfizer препаратымен вакцинациялау басталды. Вакцинацияны алғаш болып алуға ниет білдіргендер арасында жүкті әйелдер, емізетін аналар мен балалар бар, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Елордада 63 мың бала Pfizer препаратын ала алады

75 мектеп-гимназияның медициналық пунктіне 15-17 жас аралығындағы алты жасөспірім екпе алуға келді. Олардың айтуынша вакцина ғана адамды вирус жұқтырудан қорғай алады.

Естеріңізге сала кетейік, елорда бойынша Pfizer препаратымен вакцинациялауға жататындар арасында 5 мың жүкті әйел, 28 мың бала емізетін әйел адам, сондай-ақ 63 мың бала бар.

Осы санаттағы адамдарға тек медициналық ұйымдарда және қаланың білім беру мекемелеріндегі медициналық пункттерде ғана вакцина ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу