Астанада психикалық ауытқуы бар 6 тұрғынға жүргізуші куәлігі берілген

311

Бұл ақпаратты Астана қалалық прокуратурасы хабарлады.  

Астанада психикалық ауытқуы бар 6 тұрғынға жүргізуші куәлігі берілген Фото: ida.kz

Прокуратура психикалық ауруы бар деп танылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылған 6 адамның қолданыстағы жүргізуші куәлігі бар екенін анықтаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оларға қатысты азаматтық талап-арыз қанағаттандырылып, көлік құралын басқару құқығы тоқтатылған.

Прокуратураның талдау нәтижелері бойынша Қылмыстық кодекстің 16 және 91-баптарына өзгерістер енгізу ұсынылды. Бұл өзгерістер сотқа психикалық ауруға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға қатысты көлік құралын басқару құқығын тоқтату мәселесін қатар қарауға мүмкіндік береді.

Жалпы Астана қаласында медициналық қарсы көрсеткіштерге байланысты 76 адамға көлік басқаруға шектеу қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу