Елордада санитарлық нормалар сақтамаған 70-тен астам нысан қайта жабылды

857

1 маусымда мониторинг бойынша 200-ден астам нысан тексерілді. 

Елордада санитарлық нормалар сақтамаған 70-тен астам нысан қайта жабылды Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласында 1 маусымда санитарлық нормаларды сақтамаған 70-тен астам нысан жабылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бұл – дәмханалар мен мейрамханалар, сұлулық салондары, стоматология, гүл сататын дүкендер.  

Санитарлық нормалардың бұзылуын анықтау үшін әкімдіктің мобильді тобымен бірге полицейлер мен эпидемиологтар рейдтер жүргізеді. 1 маусымда мониторинг бойынша 200-ден астам нысан тексерілді.

Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалар талаптары орындалмай, нысандар қайта ашылмайды. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды.

Бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін 50 нысан жабылды, оның ішінде құрылыс компаниялары да бар. 150 кәсіпорынға ескерту жасалып, кей кәсіпкерлерге айыппұл салынды. Астанада маска тағу режимі сақталып отыр.

Адамдар көп жиналатын жерлерде, автобустарда, дүкендерде және басқа да жабық ғимаратта бетперде кию, қашықтықты сақтау, антисептиктерді пайдалану қажет. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған жағдайда, қала бұрынғы қатаң карантин режиміне қайта ауысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу