Елордада санитарлық норманы бұзған құрылыс компаниялары, дүкендер мен кафелер жабылды

1068

Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше, нысандар қайта ашылмайды. 

Елордада санитарлық норманы бұзған құрылыс компаниялары, дүкендер мен кафелер жабылды

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған бірқатар нысан: құрылыс компаниялары, азық-түліктік емес дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар (өзімен бірге алып кету қызметі жұмыс істеген) жұмысын тоқтатты, деп хабаралайды әкімдіктің ресми сайты.

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп, күнделікті санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау бойынша рейд жүргізеді.

Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше, нысандар қайта ашылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамаған 15 нысан жабылған болатын. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды. Коронавирустан жазылғандар үшін індет мүлде қауіпсіз деуге болмайды.

Инфекция өкпені ғана емес, бүйрек, бауыр, жүрек, миды зақымдауы мүмкін. Сонымен қатар өкпеде ұлпаның фиброзы түрінде ошақтар пайда болады – тыныс алу жүйесі ауыр жүктемелерге төтеп бере алмайды. Өкпе қызметі әлсірейді. Ауырғандарда бірер жылдан кейін қандай асқынулар туындауы мүмкін екені әлі белгісіз.

Елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, қауіпті инфекцияға немқұрайлы қарауға болмайды. "Адамдар босаңсымауы, маска тағу режимін қатаң сақтауы керек. Егер санитарлық норма сақталмаса, қала тағы да қатаң карантин ережелеріне қайта оралады. Қалыпты өмірге тезірек оралу өзімізге байланысты".
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу