Елордада субұрқаққа шомылғандар айыппұл төлейді

692

Ең бірінші кезекте суға шомылған балалардың ата-аналары жазаланады.  

Елордада субұрқаққа шомылғандар айыппұл төлейді Фото: top-news.kz

Бұл туралы туралы Есіл ауданының полиция басқармасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанадағы Ботаникалық бақтың субұрқақтарына шомылған балалардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартыла бастады. Жиі ескерту жасалып жатса да, кейбір ересектер балаларының субұрқақ суына түсуіне тыйым салмайды. Мұндай жағдайда полицейлер кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін орындамағаны үшін ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттама толтырады.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, субұрқақтар тұрған жерде балаларды тоқ соғып, түрлі инфекция жұғуы мүмкін.

"Ата-аналарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ олардың субұрқақтар мен шомылуға арналмаған басқа да орындарда суға түсуіне жол бермеуге шақырамыз", – деп атап өтті Есіл аудандық полиция басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу