Елордада тағы 13 мектеп салынады

454

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биылғы оқу жылында 9 мектеп қолданысқа берілетінін мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Елордада тағы 13 мектеп салынады Фото: gov.kz

"Оқу орындарының құрылыс барысымен таныстым. Биылғы оқу жылында тағы 9 мектепті қолданысқа береміз. Мәселен бұл Рысқұлов көшесіндегі, Р.Қошқарбаев даңғылындағы, Ұлы Дала даңғылы мен Сауран көшесінің қиылысындағы, Ұлы Дала даңғылы мен №39 көшенің қиылысындағы және т.б. мектептер. Көктемде іргелес аумақты абаттандыруға кірісуді тапсырдым.

Алдағы оқу жылында тағы 13 мектеп саламыз. Қалада ірі мектептер салынып жатыр. Мұндай мектептің әрқайсысы 4 мың оқушы орнын (2 ауысымда) ашуға мүмкіндік береді. Осылайша оқушы орындарына деген қажеттілік мәселесі едәуір шешіледі.

Сол сияқты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 100 мың оқушы орнына (2 ауысымда) арналған жаңа форматтағы 25 мектепті жобалау жұмысын жүргіземіз. Жаңа форматтағы мектептердің құрылысын 2023 жылы бастаймыз.

Балабақша мәселесіне де көңіл бөлеміз: жақында Есіл ауданында (Күлтегін көшесі) мемлекеттік балабақша ашылды. Сол сияқты келер жылы жеке балабақшаларға 9 мың орынға арналған қосымша мемлекеттік тапсырыс орналастыруды жоспарлап отырмыз, осы арқылы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көлемін арттырамыз", - деп жазды елорда әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу