Елордада тергеу изоляторындағы адам қайтыс болды

891

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Елордада тергеу изоляторындағы адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтанда қалалық тергеу изоляторындағы азамат қайтыс болды, деп хабарлайды polisia.kz.

Тергеу изоляторына қамалған 1977 жылы туған Дулат Ағаділ есімді азамат көз жұмды. Аталған азаматқа қатысты сотқа құрмет көрсетпеу немесе сот отырысында қатысушыларды қорлау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"2020 жылы қаңтарда ол айыпталушы ретінде сырттай танылды, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Алайда айыпталушы соттың тергеу жұмыстарынан жалтаруына байланысты қамауға алынды",– делінген ІІМ баспасөз хабарламасында.

Дулат Ағаділ тергеу изоляторына үйінен кеше, яғни 24 ақпанда жеткізіліпті.

"Қайтыс болған сәтте тергеу изоляторында онымен қоса тағы төрт адам болды. Олар марқұмға қатысты зорлық-зомбылық фактілері болмағанын куәландырды. Марқұмның қазасын жедел жәрдем мамандары тіркеген. Өлімнің болжамды орын алу себебі: "жүрек-қантамырының жеткіліксіздігі". Ер адамның денесінде ешқандай дене жарақаттары болған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды",– деген түсінік берді ІІМ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу