Олардың қатарына сауда орталықтары, компьютер клубтары, кинорумдер т.б. жатады. Ал 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін заңды өкілінсіз, тіпті, көшеде жүруге де рұқсат етілмейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Іс-шара Сарыарқа ауданында "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында ұйымдастырылды.

"Бізде мұндай жедел іс-шаралар жиі ұйымдастырылып отырады. Құқықтық тәртіпті сақтау жедел іс-шарасы аясында сегіз кинорумды араладық", – деді Астана қаласы Сарыарқа ауданы полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты Шұғыла Аманқызы.
Егер жасөспірімдер заңнаманы бұзса, ата-аналарына, не заңды өкілдеріне әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Ал Сарыарқа ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің басшысы Дамир Хисматуллинның сөзінше, бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғасып келеді.
"Сарыарқа ауданы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасы аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, профилактикалық рейд жүргізді. Оның мақсаты – заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында және көшеде жүрген кәмелетке толмаған азаматтарды анықтау. Жалпы, мұндай жұмыс күн сайын жүргізіледі. Сарыарқа ауданында жыл басынан бері 300-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды. Түнде жүрген жасөспірімдердің заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді ол.
Сонымен қатар, маманның мәлімдеуінше, мұндай арнайы рейдтер апта сайын өтеді. Негізінен, караоке-барлар, түнгі клубтар, кинорумдер, компьютер клубтары т.б. орындар тексеріледі.