Елордада вакцина алған зейнеткерлер арасында санаторийге жолдама ойнатылады

787

Коронавирусқа қарсы вакцина алған зейнеткерлер Сарыағаш (Түркістан облысы), Оқжетпес (Ақмола облысы), Мойылды (Павлодар облысы) шипажайларына тегін жолдама алуы мүмкін.

Елордада вакцина алған зейнеткерлер арасында санаторийге жолдама ойнатылады

Елордада 28 қазан мен 28 желтоқсан аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған коронавирусқа қарсы егілген зейнеткерлер Қазақстан шипажайларына тегін жолдамалар ала алады. Ұтыс ойыны 29 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұтыс ойынына елорданың кез келген вакцинация пунктінде вакцинаның бірінші компонентін алған зейнеткерлер қатыса алады.

Байқау әдеттегідей автоматты режимде өткізіледі. Азаматтарға құжаттарды толтырудың және тіркеуден өтудің қажеті жоқ. Санаторийге жолдамалардың ұтыс ойыны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми парақшаларында (Facebook, YouTube) тікелей эфирде өтеді.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандар арасында Мальдивке екі адамға жолдама және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады. Коронавирустың жаңа "омикрон" штамының таралуына байланысты шетелде орын алған қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұтыс ойыны 2022 жылдың ақпан айына ауыстырылды. Оған 2021 жылдың 25 қазанынан 2022 жылдың ақпанына дейін вакцинаның 1-ші компонентін алған вакциналанғандар қатысады.

Бұған дейін елорда әкімдігі демеушілермен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер, автокөлік, 20-дан астам iPhone12, тұрмыстық техника және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу