Елордада жаңа оқу жылында 24 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды

817

Бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 3,5 есе асады.

Елордада жаңа оқу жылында 24 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды

Егер өткен оқу жылында мектепті 7 мыңнан астам түлек бітірсе, жаңа оқу жылында 24 мыңға жуық жаңа оқушы келеді деп күтіліп отыр. Жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 3 еседен көп асып отыр. Қала әкімі Алтай Көлгінов педагогтармен тамыз айындағы онлайн-кеңесте мектеп құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдік сайтына сілтеме жасап.

"Елордада жыл сайын ішкі көші-қон есебінен де, бала туу есебінен де тұрғындар саны өсуде. Соңғы 10 жылда оқушылар саны 3 есе артты. Жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны өсіп келеді. Өткен оқу жылында мектепті 7 мыңнан астам түлек бітірсе, жаңа оқу жылында 24 мыңға жуық бірінші сынып оқушысы келеді деп күтіліп отыр. Осылайша бітірушілер санынан 3 еседен астам асады. 2030 жылға қарай Нұр-Сұлтанда 400 мыңға жуық оқушы болады деп ойлаймыз. Әрине, бұл тамаша көрсеткіш, бұл тиісінше мектептердің көбірек салынуын талап етеді", – деді Алтай Көлгінов.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі биыл 15 мектеп салынатынын атап өтті, бұл – 40 мыңнан астам жаңа оқушы орны. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе және 2019 жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Құрылыс кезінде мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуы да ескеріледі: IT және STEM-кабинеттер арқылы оқушылар 3D-объектілерді құра алады, роботтарды үлгілей алады, ғылыми-техникалық білімдерін бірден практикада қолдана алады. Инклюзия, педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттері және т.б. Оқу орындары қаланың барлық ауданында, соның ішінде тұрғын алаптарында салынуда. Оқу орындарына қажеттілік бар аудандарға назар аударылады.

Елордада алдағы 5 жылда жол картасы аясында 67 мектеп салу жоспарланып отыр. Оқу орындарын салу, оның ішінде жеке инвестиция тарту есебінен жүргізілуде. Бұл үш ауысымды және оқушылары тым көп мектептердің проблемасын шешеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу