Елордада жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан отырғызылатын болады

770

Елордада жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан отырғызылатын болады

Астананың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Саналы Азамат" жобасы аясында 2018 жылдың соңына дейін "Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан" атты экологиялық акцияны өткізеді деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

2018 жылдың алғашқы күндерінен бастап елорданың денсаулық сақтау нысандарының перзентхана бөлімдері дүние есігін ашқан нәрестелерге ішінде отырғызылған ағаштардың сызбасы мен құттықтау буклеттері бар конверттерді табыстауда.

Астананың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу мен денсаулық сақтау басқармалары бірлесіп жүзеге асырып жатқан "Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан" акциясы қоғамды қоршаған ортаны қорғауға, тарихи дәстүрді сақтауға шақыруды, экологиялық білімді іс жүзінде насихаттауды, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға, салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілік сезімін оятуды, қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруды, жастарды ел игілігі үшін игі істер жасауға шақыруды көздейді.

Экологиялық акцияны ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, елордада туған нәрестелердің құрметіне отырғызылған көшеттер "Астана қаласының жасыл белдеуінің" аумағында орналасқан. 

Айта кетейік, "Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан" акциясының басынан Астана қаласының №1, №2, №3 Перинаталды орталықтарында дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына 1704 құттықтау хаты тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу