Елордада жасыл желек аптап ыстықтан қалай қорғалады

1117

Нұр-Сұлтанда шілде айы аптап ыстықпен басталды. Синоптиктердің айтуынша әлі бірнеше күнге созылады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы қала әкімдігіне сілтеме жасап.  

Елордада жасыл желек аптап ыстықтан қалай қорғалады

Осыған орай елорда әкімдігі қаладағы ағаштар, бұталар, көгалдар мен гүлзарларды суару бойынша арнайы топтарды жұмылдырды.

"Ауа райы күрт ысып, температура 36 және одан жоғары градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты көше-жол желісін қарқынды жуу туралы шешім қабылданды", - деді "Астана-Зеленстрой" ЖШС ресми өкілі Рүстем Нұрсағитов.

Елорданың төрт ауданында ондаған арнайы техника күндіз-түні екі ауысыммен жұмыс істейді.

Түнгі суару жұмысы күн сайын кешкі 7-ден таңғы 5-ке дейін жүргізіледі.

Қалалық коммуналдық қызметтер жасыл желектерден бөлек, жолға, тротуарларға, аулалар мен автотұрақтарға су себумен де айналысады.

Суару уақыты судың аз буланатын, сондай-ақ арнайы техниканың көлік қозғалысына кедергі келтірмейтін уақытына сәйкес келеді.

Айта кету керек, саябақтарда, гүлзарларда және қаланың басқа да қоғамдық кеңістіктерінде ағаштар мен жасыл желектерді суару автоматты жүйе арқылы жүзеге асырылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу