Елордада жазғы дәмханалар ешбір шектеусіз жұмыс істейді – Ерлан Бекмұрзаев

658

Мейрамханалар мен дәмханаларға 12.00-23.00 аралығында жұмыс ісеуге рұқсат берілді.

Елордада жазғы дәмханалар ешбір шектеусіз жұмыс істейді – Ерлан Бекмұрзаев

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша Нұр-Сұлтандағы мейрамханалар мен дәмханалардың жұмысына рұқсат берілді. Қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев аталмыш нысандарға қойылатын негізгі талаптарды атады.

"Төтенше жағдайдан шығудың үшінші кезеңінде тағы 60 мыңдай адам жұмысқа шықты. Карантин аяқталысымен дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша бүгіннен бастап мейрамханалар мен дәмханалар өз жұмысын бастады. Сондықтан, барлық кәсіпкерлерге айтарым, барлық карантиндік іс-шараларды сақтау қажет. Маскамен жүру, нысанды ұдайы дезинфекциялау сияқты мемлекет тарапынан қойылып жатқан басқа да шектеулерді қатаң сақтауды сұраймыз. Өйткені бір жерден коронавирус шыққан жағдайда барлығын қайтадан жабуға тура келеді. Сондықтан бизнес нысандарын да, қала тұрғындарын да талапты сақтауға шақырамыз", – деген әкімдік өкілі елодадағы жазғы дәмханалардың жұмысына шектеу жоқ екенін де атады.

"Ең басты шектеу – мейрамханалар бір жолда 30-дан артық адам қабылдамауы керек. Екіншісі – үстелдердің арасындағы қашықтық кем дегенде 2 метр болуы керек. Үшіншіден, ашық алаңдарда, жазғы дәмхана дейміз ғой, ол жерде жұмыс істеуге болады. Ол жерде ешқандай шектеу жоқ. Одан кейін уақыт шектеуі  бар. Ол – күндізгі сағат 12.00-ден түнгі сағат 23.00-ге дейін. Мейрамханалар мен дәмханаларға қойылып отырған басты талаптар осы", – деді Ерлан Бекмұрзаев.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу