Елордада жеке тұрғын үй секторында жылыту пештері тексеріліп жатыр

749

Пешпен жылытылатын үйлерге улы газ датчиктері орнатылуда.

Елордада жеке тұрғын үй секторында жылыту пештері тексеріліп жатыр

Жаңа жылыту маусымы қарсаңында Нұр-Сұлтанда жеке тұрғын үй секторын аралау басталды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Үйлердегі пештердің, мұржалар мен электр жылытқыштардың сапасы тексеріледі, ал тұрғындарға пеш жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріледі.

Төтенше жағдайлар департаменті жылда жылыту маусымы жақындаған сайын өрттің, қаза болу мен жарақаттанудың алдын алу мақсатында жеке тұрғын үй секторын аралау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Олар екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі – 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін; екіншісі -15 қыркүйектен жылыту кезеңінің соңына дейін.

Пешпен жылытылатын үйлерде уланудың алдын алу үшін, улы газ датчиктері орнатылады. Өткен жылыту маусымында осындай құрылғылармен 1264 үй жабдықталды, оның 980-і халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне орнатылды.

Қыс мезгіліндегі өрттердің дені пеш жабдықтарын дұрыс пайдаланбау себебінен туындайды. Статистика бойынша, өткен жылыту маусымында елордада барлық өрттердің үштен бірі немесе 106-сы жеке тұрғын үй секторында орын алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу