Елордада жол салатын екі компания бір конкурста сөз байласқан

648

Елордада жол салатын екі компания конкурстардағы бағаларды қолдау жөнінде сөз байласқан.  

Елордада жол салатын екі компания бір конкурста сөз байласқан

Мұндай фактіні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті анықтап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тендерлердің жалпы сомасы 14,6 млрд теңгені құраған.

"Компаниялардың бірі сатып алуды ең жоғары ықтимал баға бойынша өтті деп таныған. Екіншісі жалған бәсекелестік тудырған. Схема былайша жұмыс істеген: компаниялар бәсекелестік күрес көріністерінсіз, бастапқы бағаға тең немесе ең аз бағаны ұсына отырып, бір-біріне жалғыз бәсекелес болған",деп хабарлайды департаменттен.

Субъектілердің әрекеттері монополияға қарсы заңнаманың ережелерін бұзып қана қоймай, бюджет қаражатының үнемделуіне кедергі келтірген. Бұл құқық бұзушылықты монополияға қарсы орган мемлекеттік сатып алу порталы мониторингінің қорытындылары бойынша анықтады. Қазір осы іс сотқа жолданғалы жатыр.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу