Елордада жол жөндеу кезінде уақытша шектеулер енгізіледі

186

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М.Жұмабаев даңғылы мен Айнакөл көшесі қиылысының жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елордада жол жөндеу кезінде уақытша шектеулер енгізіледі Фото: canva

Осыған байланысты 19-20 шілде аралығында қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескерген жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу