Елордада жүк көліктерін тұраққа қоюға жаңа шектеулер енгізіліп жатыр

166

Бұдан былай салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк көліктері арнайы автотұраққа ғана қойылады.  

Елордада жүк көліктерін тұраққа қоюға жаңа шектеулер енгізіліп жатыр Фото: Мадина Мамырханова

Барлық ақылы тұрақ жол белгілерімен және таңбамен белгіленіп, тарифтер, төлем тәсілдері және байланыс ақпараты көрсетілуі тиіс, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жабық тұрақтардың бағасы жеке белгіленеді. Ұзақ уақытқа – тәуліктік немесе абонементтік төлем қарастырылған. Бір тұрғын немесе коммерциялық нысанға бір көлік үшін көшедегі тұрақты тегін пайдалану мүмкіндігі бар.

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автотұрақтарда мүгедектігі бар адамдарға арналған орындарды қарастыруға, жедел, авариялық және коммуналдық қызметтердің тәулік бойы еркін өтуін қамтамасыз етуге міндетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу