Елордада жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдау басталды

821

Өтінімдер 1 қарашаға дейін жиналады.  

Елордада жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдау басталды

Елорданың Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстар, "Жастар практикасы", "Әлеуметтік жұмыс орындары", "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" жұмысқа орналастыру бағдарламалары аясында жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдауды бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жайлы толық ақпаратты czn.kz сайтынан немесе 57-89-35; 72-93-56 телефондары арқылы алуға болады.

Естеріңізге сала кетсек, "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, 29 жастан аспаған және жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастарға арналған.

"Ұрпақтар келісімшарты" зейнеткерлікке шығатын еңбеккерлерді ауыстыруға кадрлар даярлайтын жастарға арналған.

"Жастар тәжірибесі" бағдарламасы үш жыл бұрын диплом алған, жұмыс тәжірибесі жоқ 29 жасқа дейінгі ЖОО түлектері арасында жүзеге асырылады. Өту ұзақтығы – 6 ай.

"Қоғамдық жұмыстар" – халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрі.

"Әлеуметтік жұмыс орындары" жұмыс беруші жұмыссыздарды орналастыру үшін құрады. Олардың арасында табысы аз, көпбалалы отбасылардың мүшелеріне, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жандарға және т.б. басымдық беріледі, бұл ретте жалақыны мемлекет субсидиялайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу