Елордада "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

416

42 волонтер мен волонтерлік ұйымдар, соның ішінде өзбекстандық волонтерлер жеңімпаз атанды.  

Елордада "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды Фото: gov.kz

Астанада Халықаралық волонтерлер күні аясында "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбай, Вера Ким және Елдос Абақанов, "Amanat" партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы тұрақты өкілі Артур ван Дизен, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

"Бүгінде елімізде волонтерлік сала өте қарқынды дамып келеді. Волонтерлік қызметке атсалысып жүрген азаматтар мен ұйымдар санының тұрақты өсуі қалыпты жағдайға айналды. Волонтерлердің қатысуымен іске асырылатын бағдарламалар мен жобалардың ауқымы кеңеюде", - деді Дархан Қыдырәлі.

Министрдің айтуынша, волонтерлік ұйымдардың саны соңғы екі жылда 224-ден 700-ге, белсенді волонтерлер саны 50 мың адамнан 200 мың адамға артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу