Елордадағы Әл-Фараби даңғылы сол жағалауға көшірілмек

515

"Алматы" және "Байқоңыр" аудандарында орналасқан Ақжол, Вишневская және Байырқұм көшелері біріктіріліп, Әл-Фараби даңғылы болып өзгертілген еді. Алайда бұл көше өндірістік аймақта орналасқандықтан, қаланың үлкен және орталық көшелерінің біріне ғалымның есімі берілуі тиіс деген ұсыныстар айтылған болатын. 

Елордадағы Әл-Фараби даңғылы сол жағалауға көшірілмек Фото: gov.kz

1 желтоқсан күні Астананың ономастикалық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Елордадағы Әл-Фараби даңғылын қаланың сол жағалауына көшіру жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Астананың ономастикалық комиссиясының отырысына Есіл ауданында орналасқан № 38 жобалық атауы бар көшеге ұлы ғалым Әл-Фарабидің есімін беру туралы шешім қабылданды. Бұл көше Тәуелсіздік даңғылындағы салынып жатқан көпірдің артында орналасқан. Қаланың болашақ жоспарына сәйкес бұл көше Есіл өзенінен басталып, жалпы ұзындығы 7 шақырымнан асатын Қабанбай батыр даңғылына дейін созылатын үлкен даңғылдардың бірі болады", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, комиссия отырысында қаралған ұсыныстар қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жария тыңдауларына, Астана қоғамдық кеңесінің қарауына жіберілмек.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу