Елордада абаттандыру ережелерін сақтамағаны үшін 79 бұзушыға айыппұл салынды

293

Көріксіз қасбеттер, бітелген іргелес аумақтар кез келген елдімекеннің көрінісін бұзып қана қоймай, санитарлық жағдайға да әсер етеді. 

Елордада абаттандыру ережелерін сақтамағаны үшін 79 бұзушыға айыппұл салынды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Бұған жол бермеу үшін әкімдікпен өзара іс-қимыл жасай отырып, полиция қызметкерлері елордада қала аумағын абаттандыру ережелерін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Бұл жұмыс туралы ӨКҚ брифингінде Алматы ауданы полиция басқармасының бастығы Диас Тоқатов айтты.

Алматы ауданы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері тұрғындармен, ПИК, МИБ төрағаларымен, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен, қоқыс жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындардың басшыларымен профилактикалық жұмыс жүргізуде.

"Учаскелік полиция инспекторлары мен табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің инспекторлары аулаларды күнделікті аралайды. Аралау кезінде барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде күрделі және уақытша нысандардың иелері бөлінген аумақты санитарлық жағынан күтіп-ұстауды және абаттандыруды өз қаражаты есебінен не шарттар жасасу жолымен қамтамасыз етуге міндетті екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Ұйымдар кез келген меншік нысандарына ұқыпты қарап, қоршаулар мен шағын архитектуралық нысандарды техникалық жарамды күйде және таза ұстауы керек.

Абаттандыру ережелерін бұзғандарға ескерту жасалады немесе айыппұл салуға әкеп соғады. Айыппұл көлемі жеке тұлғаларға 20 АЕК (73 840 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық ұйымдарға 30 АЕК (110 760 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК (147 680 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК (369 200 теңге)", - деп ескертті спикер.

2024 жылдың 15 қаңтарында табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің инспекторлары ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 79 жеке және заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде 6 бұзушыға айыппұл салынды, 73 құқық бұзушыға қатысты ескерту жасалды.

Барлығы 329 мың 860 теңге сомасына айыппұл салынды, 129 мың 220 теңге (39,1%) өндірілді.

"іKomek-пен өзара іс-қимыл жасай отырып, аудан аумағында белгіленбеген жерлерде қоқыс түсіруді жүзеге асыратын адамдарды анықтау бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде, 6 жүргізуші тартылды, 55 мың 380 теңге көлемінде айыппұл салынды", - деді Диас Тоқатов.

Мәселен, белгіленбеген орындарда қоқыс төгіп, тазалықты сақтамағаны үшін жүргізушіге 55 380 теңге айыппұл салынды. Тағы үшеуіне белгіленбеген жерлерде қар түсіргені үшін жаза қолданылды.

Анықталған бұзушылықтардың көпшілігі жеке тұлғалардың аумақтарды уақтылы жинамауы, көшелерді, алаңдарды, жол төсемін және жалпыға ортақ пайдаланылатын демалыс аймақтарының аумақтарын тазалық сақтамау фактілері бойынша тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу