Елордадағы бизнес орталықтардың бірі отқа оранды

959

Куәгерлердің айтуынша жалын жерасты көлік тұрағынан шыққан.  

Елордадағы бизнес орталықтардың бірі отқа оранды

Шамамен сағат 13:30-да Нұр - Сұлтандағы International Business Center-дің жерасты көлік тұрағын қызыл жалын шарпып, біраз адамды эвакуациялауға тура келді. Бұл туралы inbusiness.kz порталына куәгерлер хабарлаған. 

Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен арнайы мамандар келді. 

Бизнес орталықта жұмыс істейтін барлық қызметкер эвакуацияланды. Аталған нысанда "Халық банк", "KMG Drilling & Services" және "Media Holding "ATAMEKEN BUSINESS" ЖШС-нің кеңселері бар. Қызметкерлерді эвакуациялау барысында ғимаратта ара тұра жарық өшіп қала берген.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу