Елордадағы ең сұлу қыз кім

1331

Бұл 12 желтоқсанда Nomad City Hall-да өтетін "Астана аруы" байқауында белгілі болмақ.

Елордадағы ең сұлу қыз кім

Өзінің 20 жылдығын "Астана аруы" байқауы финалға өткен 20 қатысушы бас кейіпкер атанған презентациялық күнтізбемен атап өтпек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты..

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, байқау бағдарламасында жаңа жобалар бар.

"20 жылдыққа орай мәңгілік құндылықтар тақырыбындағы арнайы жоба әзірленді. Бұл – салт-дәстүрлер мен отбасы құндылықтарының сақтаушысы Ұлы дала әйелдері туралы әңгімелер топтамасы. Биыл байқаудың қатысушылары бізге аңызға айналған әйелдер туралы әсерлі, драмалық хикаяларды баяндайды. Отбасы оқиғаларының топтамасы жаңа буынды еліміздің ұлттық руханияты мен мәдени мұрасын сақтауға, сыйлауға шақырып, көрерменге қызықты болатыны сөзсіз", - "Алтын орда" авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзада.

Бұдан бөлек, "Астана аруы" атағынан үміттілер дәстүрге айналған "Сұлулық мейірімділікте" акциясына, басқа да әлеуметтік, қайырымдылық және спорттық шараларға қатысады деп күтілуде.

"Астана аруы" - "Қазақстан аруы" байқауының іріктеу кезеңі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу