Елордадағы қысқы демалыс орындары қайда орналасады?

682

Астанада салынып жатқан сырғанақтар мен мұз айдындары орналасқан орындар туралы қала әкімдігі ақпарат жариялады.  

Елордадағы қысқы демалыс орындары қайда орналасады? Фото: inbusiness.kz

Астанада сырғанақтар, мұз айдындары, шаңғы трассалары, жаңа жылдық фотоорындар және т.б. салынып жатыр. Қысқы демалысты ұйымдастыру аясында қаланың барлық ауданында арнайы орындар белгіленді, деп жазады, inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы ауданында қысқы демалыс орындары Қазақ елі монументінің жанындағы алаңда, Триатлон паркінде, Президенттік саябақта (шаңғы трассалары да), Ақбұлақ өзенінің жағасында ұйымдастырылады. Аудан тұрғындарын барынша қамту мақсатында: Теміржолшылар, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар елдімекендерінде де қысқы демалыс орындарын салу жоспарланған. Сол сияқты 3 мектептің аумағында және Теміржолшылар елді мекенінде 4 хоккей кортын жайластыру көзделген. Сонымен қатар сырғанақтар Отау, Сарайшық шағын аудандары мен "Нұрлы жол" теміржол вокзалының аумағында болады.

Байқоңыр ауданына биыл жаңа жылдық шыршалар, слайдтар және шағын сәулет нысандарын орнату, сол сияқты мұз айдындар мен 5 мұз қалашығын салу жоспарланып отыр.

Олар мына орындарда орналасады:

- "Жастар" Сарайы;

- К.Ататүрік атындағы саябақ;

- "Жазушылар" аллеясы (Абай даңғылы);

- Өндіріс елді мекені (Ақбидай және Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысы);

- Кирпичный елді мекені (Чехоев және Жолымбет көшелерінің қиылысы);

- Қазқалашық елді мекені (Досмұхамедұлы көшесіндегі 4, 6, 8, 10, 12 үйлердің ауласы).

 Сарыарқа ауданында мұз айдындары мен сырғанақтарды абаттандыру жоспарланып отыр, олар:

 - Қалалық алаң;

- Есіл өзенінің жағалауы;

- А. Герцен-Оқжетпес көшелерінің қиылысы;

- "Көктал" саябағы.

Demalys promenade аумағында фотоаймақтар мен шағын сәулет нысандары орнатылады.

Есіл ауданында жаңа жылдық көңіл-күйді сыйлау үшін бірнеше тартымды орын анықталды:

- "EXPO-2017" аумағы;

- Тұран даңғылы жағындағы орталық саябақ;

- "Керуен" СОО және "Хан Шатыр" СОО ауданы;

- Ботаникалық Бақ.

Сонымен қатар сырғанақтар мен мұз айдындары мынадай орындарда орналасады:

- "Алау" СК мұз айдыны;

- "My car" автоорталығы – биіктігі 3 м болатын балалар мұз сырғанағы болады;

- "Азия парк" СОО және "Ailand" аумағында болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу