Елордадағы мектепте оқушының көңіл-күйін жасанды интеллект бақылайды

371

Астанадағы №107 мектептегі оқу барысы жасанды интеллект енгізілген камералармен бақыланады.  

Елордадағы мектепте оқушының көңіл-күйін жасанды интеллект бақылайды Фото: gov.kz

Елорда әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, жүйе балалардың қауіпсіздігі мен тәртібін жіті назарда ұстайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Яғни, камера оқушылардың агрессивті әрекеттерін бірден байқайды. Мәселен, егер бала біреуге күш көрсетсе, жасанды интеллект жазбаны бірден мектеп директорына жолдайды.

Сондай-ақ камера баланың көңіл-күйін де тіркеп отырады. Егер оқушының ашулы болып жүргені 5 мәрте анықталса, онда педагог қосымша жұмыстар жүргізеді. Мұндағы мақсат – кез келген оқиғаның салдарымен күресу емес, керісінше оның алдын алу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу