Елордадағы олимпиадаға даярлау орталығының құрылысы қашан бітеді? – министр жауабы

452

Бас қаладағы нысан құрылысының аяқталуына әлі бірнеше жыл керек.

Елордадағы олимпиадаға даярлау орталығының құрылысы қашан бітеді? – министр жауабы Фото: atayurt-astana.kz

Бұл туралы Үкімет кулуарында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазіргі таңда біз 2 ірі жобамен айналысып жатырмыз. Алматы облысындағы олимпиадаға даярлау орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл олимпиадалық 23 спорт түрі жаттығуға арналған бірінші орталық болады", - деді ведомство басшысы.

Асхат Оралов елордадағы және Алматы облысындағы республикалық олимпиадаға даярлау орталықтарының құрылысы ұзаққа созылғанын атап өтті.

"Қазіргі таңдағы басты міндеттің бірі – орталықты (ред. – Алматы облысындағы олимпиадаға даяралау орталығы) пайдалануға беру. Бір уақытта мұнда 2300 спортшы жаттыға алады. Оларға шетел асып та керек емес. Осылайша өзімізде инфрақұрылым пайда болады", - деді ол журналистердің сауалына берген жауабында.

Министрдің айтуынша, Алматы облысындағы нысан осы жылдың аяғына дейін ашылады.

"Астанадағы орталық құрылысының аяқталуына әлі бірнеше жыл керек", - деп түйіндеді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу