Елордадағы жәрмеңкелер маусымын Түркістан облысы ашты

951

Көлгінов пен Шөкеев елордаға Түркістан облысынан жеткізілген өнімдерді қарап шықты.  

Елордадағы жәрмеңкелер маусымын Түркістан облысы ашты

"Хан Шатыр" жанындағы алаңға қала әкімі Алтай Көлгінов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев келіп, жәрмеңке барысымен танысты, деп хабарланды әкімдік сайтында.

Әрбір өнім түрі үшін жеке секциялар бөлінген, нарықтық бағадан төмен көкөністер, жемістер, ет және сүт өнімдерін сатып алуға болады.

Жәрмеңке маусымын Түркістан облысы ашты. Өңірдің 60 тауар өндірушілерінің тауарлары ұсынылып, елордаға 250 тоннадан астам өнім әкелінді. Сонымен қатар, қазақстандық жиһаз және мектеп формасы ұсынылды.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әр демалыс күндері 28 қазанға дейін өтеді:

 

7-8 қыркүйек: Қостанай және Алматы облыстары;

14-15 қыркүйек: Павлодар;

21-22 қыркүйек: Ақтөбе және Қызылорда облыстары;

28-29 қыркүйек: ШҚО және Атырау облысы;

5-6 қазан: Қарағанды облысы;

12-13 қазан: Павлодар облысы;

19-20 қазан: СҚО; 

26-27 қазан: Ақмола облысы.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу